«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Жамбыл ауданында «Жасыл болашақ» акциясы өтті. Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, көшелер мен арық жүйелерін тазарту арқылы тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және ортақ іске жұртшылықты жұмылдыру.
Акцияға аудан тұрғындары, жастар ұйымдары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, депутаттар мен еріктілер белсенді қатысты. Қатысушылар топтарға бөлініп, көшелерді қоқыстан тазалап, арықтарды лай мен қалдықтардан аршып, абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, бірқатар аумақтарда ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, сәуір айынан басталған көктемгі санитарлық-тазарту жұмыстары барысында 10 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 1040 көше, арықтар мен өзендер, сондай-ақ тас жолдардың бойы тазаланды. Ауқымды шараға 12 мыңнан астам аудан тұрғыны қатысып, олардың қатарында жастар, депутаттар және еріктілер бар.
Сенбілікке қатысушылардың айтуынша, бұл бастама тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, қоғамда жауапкершілік пен табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыруға бағытталған. Осындай акциялар арқылы тұрғындар өз ауласын, көшесін таза ұстаудың маңыздылығын тереңірек түсінеді.
Шара барысында қауіпсіздік талаптары толық сақталып, қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде ауданның бірқатар көшелері мен арықтары тазартылып, экологиялық жағдайдың жақсаруына оң әсерін тигізді.
Жамбыл ауданының тұрғындары бұл акцияның маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін жеткізді. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай шаралар еліміздің әр өңірінде жалғасын тауып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне зор үлес қоспақ.
#ТазаҚазақстан #ТазаОрта
ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Медеуова
