Воскресенье, 14 июня, 2026
Басты бетЖаңалықтарТазалық – ортақ жауапкершілік

Тазалық – ортақ жауапкершілік

Жамбыл ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бастама – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралы.

2026 жылғы 28 наурыз бен 25 сәуір аралығында ауданымызда ауқымды тазалық және абаттандыру шаралары жүзеге асырылды. Аудан аумағындағы 1 040 көшенің 96 пайызы қамтылып, 175 іс-шара өткізілді. Оған 46 904 тұрғын белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 753 тонна қоқыс шығарылып, 283 гектар аумақ тазартылды. Сонымен қатар 10 754 түп жасыл желек отырғызылып, тазалық жұмыстарын жүргізуге 190 арнайы техника жұмылдырылды.

Бұл көрсеткіштер аудан тұрғындарының экологиялық жауапкершілігінің артып келе жатқанын айқын көрсетеді. Әсіресе жастардың белсенділігі қуантады. Себебі таза орта – болашақ ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұрамыз.

Бүгінде тазалық – тек коммуналдық қызметтердің міндеті емес. Бұл – әрбір азаматтың күнделікті өмірдегі таңдауы. Қоқысты белгіленбеген жерге тастамау, табиғатты аялау – қарапайым әрекет болғанымен, оның маңызы зор.

Алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жалғасады. Барша аудан тұрғындарын тазалықты сақтауға, туған жеріміздің көркеюіне бірге атсалысуға шақырамын.

А. Медеуова,
Жамбыл ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы

#ТазаҚазақстан #ТазаОрта #ЖамбылАуданы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments