Понедельник, 18 мая, 2026
Басты бетЖаңалықтарЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЖАС ДЗЮДОШЫЛАР БАҚ СЫНАСТЫ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЖАС ДЗЮДОШЫЛАР БАҚ СЫНАСТЫ

16 мамыр күні Жамбыл ауданындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешені базасында 2013-2016 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан аудандық біріншілік өтті. Турнирдің мақсаты – жас спортшыларды шыңдап, олардың шеберлігін арттыру, сондай-ақ Алматы облыстық жарыстарына дайындау.
Дүбірлі додаға Жайсан, Ақсеңгір, Қарақыстақ, Ұзынағаш, Қарасай ауданы және Қарғалы ауылынан келген алты команда қатысты. Турнирді Мыңбай ауылының жаттықтырушысы Сәрсенбаев Бердах ұйымдастырды.
Жарыс қорытындысы бойынша Мыңбай ауылының спортшылары бірнеше салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, Тортаев Нұрдәулет (23 кг), Нұрболатұлы Жәнібек (35 кг), Айнақұл Санжар (42 кг), Медхан Қайсар (+55 кг), Айтжан Айбар (65 кг) чемпион болды. Қыздар арасында Сырымова Шынар (48 кг) мен Марат Адина (55 кг) үздік нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, Жайсан ауылынан келген 5-сынып оқушысы Ерқали Нұрсұлтан да І орын иеленді.
Ерекше көзге түскен спортшылардың бірі – Медхан Қайсар. Жас дзюдошы бұған дейін Е.Салманов және Сұлтан Бейбарыс атындағы турнирлерге қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Ол екі республикалық жарыста бақ сынап, бірінде І орын, екіншісінде ІІ орын алған. Бұл жолғы сайыста да шебер белдесіп, өз салмағында чемпион атанды.
Осындай жарыстар жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттырып қана қоймай, болашақ чемпиондардың қалыптасуына жол ашары анық.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments