Жамбыл ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша семинар өтті
2025 жылдың 13 тамызы күні Жамбыл ауданы, Мәтібұлақ ауылдық округінде “Қоғамдық келісім және даму орталығы” КММ Жамбыл аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ауыл тұрғындары арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның түрлері мен белгілері, құқықтық жауапкершілік және жәбірленушілерге көмек көрсету жолдары туралы ақпарат беру, сондай-ақ өңірдегі түрлі этнос өкілдері арасында татулық пен өзара сыйластықты нығайту болды.
Семинар барысында қатысушыларға:
• тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері (физикалық, психологиялық, сексуалдық, экономикалық) түсіндірілді;
• ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген жаза түрлері мен қорғау нұсқамасының маңызы туралы мәлімет берілді;
• қауіпсіздік жоспары мен дағдарыс жағдайында әрекет ету алгоритмі таныстырылды;
• дағдарыс орталықтарының және сенім телефондарының байланыс нөмірлері ұсынылды.
Іс-шараға ауыл тұрғындары, жастар, әйелдер қауымы, әлеуметтік сала өкілдері және әртүрлі этнос өкілдері қатысты. Қатысушылар сұрақтар қойып, пікір алмасып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы қоғамның бірлескен әрекетінің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл бағыттағы жұмыстардың өңірдегі қоғамдық келісімді нығайтуға және азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға зор үлес қосатынын атап өтеді.