Жамбыл ауданында 2025 жылға дейін жалпы құны 147 млрд. 300 млн. теңге болатын 5 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.Атап айтқанда:
Күн электр станциясы «Photo Volf Development Partners Kazakhstan» ЖШС;
Бройлер құс фабрикасы «BELES AGRO KZ» ЖШС;
Алтын өндіруші «Арсенал» ЖШ;
Тігін фабрикасы «Алатау» ЖШС;
Керамикалық плитка зауыты холдинг-топ «WANGKANG».
Жоспар толық іске қосылса 7 830 адам жаңа жұмысқа орналасатын болады. Нәтижесінде, ауданның салық базасы ұлғаяды, экономикасы артады.