
Сонымен қатар жуырда өткен жалпыұлттық референдумда саяси науқанның заң аясында өтуіне үлес қосқан азаматтарды марапаттады.
Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық көрме ұйымдастырылып, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлері кеңінен таныстырылды.
Сахна төрінде ұсынылған театрландырылған қойылым арқылы Наурыз мейрамының тағылымы мен тәрбиелік мәні көрермендерге әсерлі жеткізілді.
Концерттік бағдарламада аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, мерекенің көркін қыздырды.
Аталған іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған тағылымды мерекеге айналды.