Воскресенье, 22 марта, 2026
Басты бетНаурыз мейрамыЖамбыл ауданының орталық алаңында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Төрле,...

Жамбыл ауданының орталық алаңында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Төрле, Наурыз еліме» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев қатысып, аудан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын жеткізді.
Сонымен қатар жуырда өткен жалпыұлттық референдумда саяси науқанның заң аясында өтуіне үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық көрме ұйымдастырылып, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлері кеңінен таныстырылды.

Сахна төрінде ұсынылған театрландырылған қойылым арқылы Наурыз мейрамының тағылымы мен тәрбиелік мәні көрермендерге әсерлі жеткізілді.

Концерттік бағдарламада аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, мерекенің көркін қыздырды.

Аталған іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған тағылымды мерекеге айналды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments