Пятница, 26 июня, 2026
Басты бетЖаңалықтарЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Аудан әкімдігінде өткен жиында Нұрлан Ертасұлын Амалбек Ықылас Еркінұлы аудан активімен таныстырып, алдағы жауапты қызметіне табыс тілеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстарды сапалы әрі нәтижелі жүзеге асыратынына сенім білдірді.

Ықылас Еркінұлы 1986 жылғы 18 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл ауданы Көкқайнар ауылындағы «Көкқайнар» шаруа қожалығының басшысы ретінде бастаған.

Әр жылдары Жамбыл аудандық кәсіпкерлік бөлімінде және экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде жетекші маман, бас маман, Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі, Жаскент ауылдық округінің әкімі, Жамбыл аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Жамбыл ауданы кәсіпкерлер палатасының директоры қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ 2017–2023 жылдары Алматы облыстық «Nur Otan» партиясының Қарасай және Жамбыл аудандық филиалдары төрағасының бірінші орынбасары, ал 2023–2026 жылдары «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы болды.

Жамбыл ауданы әкімінің 2026 жылғы 25 маусымдағы №12 өкімімен Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments