Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖарты жылда медициналық сақтандыру қорына Жетісу және Алматы облыстарының тұрғындарынан барлығы 17,1...

Жарты жылда медициналық сақтандыру қорына Жетісу және Алматы облыстарының тұрғындарынан барлығы 17,1 млрд теңге түсті

Ағымдағы жылдың алты айында екі облыс тұрғындарынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 17,1 млрд теңге аударымдар мен жарналар түскен. Ал маусым айында 3,2 млрд теңге көлемінде төлемдер түскен.
Республика бойынша маусым айында түскен жарналар сомасы 57,3 млрд теңгені құрады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, маусым айында тұрғындардан 1,9 млрд теңге аударымдар және 1,3 млрд теңге жарналар түскен. Өңірде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың арасында бірыңғай жиынтық төлем арқылы медициналық сақтандырға төлейтіндерден Қорға маусым айында 17 млн теңге түсті.
МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments