Понедельник, 12 мая, 2025
Басты бетЖаңалықтар«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

2025 жыл – Ішкі істер министрлігі «Профилактика жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы айқындап берген «Заң және тәртіп» қағидасын басшылыққа ала отырып, Алматы облысы аумағында 2025 жылдың 10 сәуірі мен 6 мамыр аралығында республикалық деңгейде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Абдинур Тасыбаев мәлімдеді.
Аталған бағыт аясында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес, Алматы облысы бойынша 287 полиция қызметкері жұмылдырылып, білім беру ұйымдары және қоғам өкілдерімен бірлескен іс-қимыл жүргізілді.
Іс-шара нәтижесінде облыс бойынша барлығы 2818 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Соның ішінде: 655 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, кәмелетке толмағандардың үлкендердің қарауынсыз түнгі уақытта жүруінің 1680 фактісі тіркелді,буллингке қатысты 16 жағдай анықталды, ұсақ бұзақылықтың 107 дерегі тіркелді, қоғамдық орындарда ішімдік ішуге байланысты 40 оқиға анықталды.
«Біздің мақсат – тек құқық бұзушылықпен күресу емес, оның алдын алу. Бұл – барлық мемлекеттік органдар мен қоғамның ортақ міндеті. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана жасөспірімдер үшін қауіпсіз орта қалыптастырып, заң мен тәртіпті қамтамасыз ете аламыз», – деп түйіндеді Абдинур Тасыбаев.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments