Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖемқорлыққа жол жоқЖағымсыз құбылыс жарға жығады

Жағымсыз құбылыс жарға жығады

Сыбайлас жемқорлық жағымсыз құбылыс ретінде əлемнің барлық елдеріне таныс. Осындай келеңсіз құбылыстары азайған мемлекеттер ғана шынайы экономикалық өркендеуге қол жеткізетіні белгілі.

Бүгінгі таңда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы басымдықтар оның алдын алу жағына ауысты жəне оған қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың басымдықтары қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолдану құқығы бірінші кезекте қалады. Демек, тек заңдар қабылдау жеткіліксіз, оларды орындау жəне елдің барлық азаматтарының жоғары құқықтық санасын қалыптастыру қажет. Іскер адамдарға ерекше жауапкершілік жүктеледі.

Сыбайлас жемқорлық – əрқашан пара беруші мен пара алушысы бар екі жақты жол. Сондықтан Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қазіргі кезде бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Кəсіпкерлік саласының қызметкерлерін мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шараларға кеңінен тарту мақсатында, олардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі, оның ішінде осындай сипатта құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту жөніндегі əрекетке қатысуына жіті назар аударылған. Бұл орайда шешімдер қабылдау рəсімдерінің есептілігін жəне бақылауда болуын, оның ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу; адал бəсекелестік қағидаттарын сақтау; мүдделер қақтығысын болғызбау; іскерлік əдеп нормаларын қабылдау жəне сақтау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау; оған қарсы ішкі бағдарламаларды əзірлеу жəне орындау бойынша мемлекеттік органдармен жəне өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау маңызды саналады.

Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» тарату, сондай-ақ, ұйымдар белгілеген этикалық қағидаларды бұзатын мінез-құлыққа қатысты жəне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысатын немесе ұйымның адал бəсекелестігі мен беделін өзгеше түрде бұзатын адамдарды ұйымда жұмыс істеуге жол бермеу шаралары қабылданады.

Осылайша, ұйым басшылығы мемлекеттік лауазымды тұлғалардың пара талап ету фактілері туралы, басқа қызметкерлердің пара беру фактілері туралы ақпаратты, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына қайшы келетін ісəрекеттер туралы өзге де ақпаратты берудің қорғалған арналарын анықтауы қажет.

Осы міндеттердің тиімді орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым жұмыскерді сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы, немесе жұмыскерге мəлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау жағдайлары туралы, ақпарат туралы жұмыс берушіні хабардар ету тəртібін əзірлейді. Пара талап ету фактілері туралы ақпарат заңнамада белгіленген тəртіппен уəкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға жеткізіледі.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Бұл құбылысқа қарсы тұру үшін азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру керек. Тек сонда ғана біз бəсекеге барынша қабілетті мемлекеттердің қатарына ұмтылатын боламыз.

А.ТҮМЕНОВ,

Жамбыл аудандық санитариялықэпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments