Мыңбаев ауылдық округінде қоғамдық пікір көшбасшыларымен «Жаңа Конституция жобасы – болашақтың шынайы келбеті» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның ел болашағына ықпалы мен қоғам дамуына қосар үлесі кеңінен талқыланды.
Жиында Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Утепов Ә. сөз сөйлеп, Конституция – мемлекеттің берік іргетасы, халықтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол әр азамат ел тағдырына бейжай қарамай, маңызды саяси өзгерістерге жауапкершілікпен қарауы керектігін жеткізді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар өз ойларын ортаға салды.


