Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Жаңа Конституция түрлі әлеуметтік топтар үшін не ұсынады?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараны Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ ұйымдастырды.
Кездесу барысында Конституциядағы әлеуметтік салаға қатысты өзгерістер жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда:
▫️ көпбалалы отбасыларды қолдау тетіктері
▫️ зорлық-зомбылық көрген әйелдерді қорғау шаралары
▫️ некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлері үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері көтерілді.
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру сюжеттері дайындалып көрсетілді. Сонымен қатар, еңбек ұжымымен
«Зорлық-зомбылық пен қудалауға нөлдік төзімділік – жауапкершілік пен корпоративтік мәдениет» тақырыбында мазмұнды сұхбаттасу болды. Онда қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және кез келген зорлық-зомбылық пен қудалауға жол бермеу қағидаттары талқыланды. Қызметкерлердің талқысына түскен маңызды сұрақ сталкинг және некеге мәжбүрлеу тақырыбында болды.
Басты мақсат – әр азаматтың құқығы қорғалатын, қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастыру.
Құқықтық сауаттылық – тұрақты дамудың кепілі.


