Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетUncategorizedЖаңа маусым көрерменді тәнті етпек

Жаңа маусым көрерменді тәнті етпек

Б. Римова атындағы драма театрының ұжымы өзінің кезекті 48-ші маусымын «Мұғалім» әлеуметтік-мультимедиалық драмасымен ашады. Бұл қойылымның өзгелерден ерекшелігі қоғамдағы бала тәрбиесін қалыптастырудағы өзекті мәселені қозғау болып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрының директоры Ерлік Жуасбек, театрдың көркемдік жетекшісі Рахман Омар және «Мұғалім» қойылымының режиссері Данияр Базарқұлов БАҚ өкілдерімен кездесуде айтып берді.

«Жалпы мұғалім тақырыбына баруымыздың басты себебі – қазіргі күні қоғамның өзекті мәселесі. Бізде стереотиптік қалыптасу бар. Мұғалімнің мәртебесі мен мамандығының қандай қиын екенін ата-аналар мен оқушыға жеткізе отырып, олардың беріп жатқан білімін қай дәрежеге қоятынымызды аңғартуды жөн көрдік», — деді театр директоры Ерлік Тілеуқұлұлы.
«Қазіргі уақытта мұғалімнің оқушы алдындағы мәртебесі төмендеп, ата-аналары балаларына жауапкершілік алуға қорқатын заман болды. «Тәрбие – тал бесіктен» дейтін болсақ, үйдегі әке-шеше, ата-әже беретін тәрбиенің бала бойында ең алғашқы қабылдауы тиіс қажеттіліктер деп білеміз. Ал, мектепке бала сауатын ашып, тәртіпке мойын бұру үшін келеді. Бұл жерде екі адамның яғни, мұғалім мен ата-ананың тәрбие беруінің аражігін ажыратуға болмайды. Себебі екі тараптан да бала өзіне қажетті деген тәрбие мен білімді алуы тиіс. Осы секілді, проблемаларды театр сахнасына әкеліп, барша көрермен қауымға көрсетсек деген ойымыз болды. Қойылым арқылы көзіқарақты көрермен нақты ой түйіп, мәселенің шешімін табуға септігін тигізеді деп ойлаймыз», — деді Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Рахман Кәкімұлы.
Спикерлердің баяндауынша, театр маусымы ашылып, премьера қойылған соң су жаңа қойылыммен Астанаға іс-сапармен бару жоспарланып отыр. Сондай-ақ, өңірдің аудан жұршылығынан да ұсыныс түссе, спектакльді барып қойып беруге дайынбыз дейді.
«Бұл тек ұстаздар ғана емес, бүкіл қоғам болып, атауына емес, ауқымына қарап көретін қойылым. Аталмыш қойылыммен көзі қырағы көрерменге «Біз адам болып қала аламыз ба?» деген ой тастаймыз. Қай мамандық болмасын адами қасиетімізді жоғалтпауымыз шарт. Оған қоса мұғалімдердің қоғамдағы орны мен олардың мәртебесін көтеру туралы ой қалыптастыру қажет. А. Байтұрсынұлының «Бала тәрбиесі ол шешімі жоқ ғылым» деген сөзін алға қойып, қала тұрғындары мен қонақтарына осы қойылымды ұсынбақпыз», — деп қорытындылады қойылым режиссері Данияр Жоламанұлы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments