Пятница, 19 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖаңа оқу жылына дайындық: Алматы облысының 760 мектебінде мониторинг жүргізілді

Жаңа оқу жылына дайындық: Алматы облысының 760 мектебінде мониторинг жүргізілді

Алматы облысының 760 мемлекеттік мектебінде материалдық-техникалық базаның жағдайына тексеру жүргізілді. Бұл туралы «Jetisý Media» алаңында өтке баспасөз-мәслихатында белгілі болды.
Облыстың білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сәуле Қабимолдаеваның айтуынша, 8 мектеп Интернет желісіне қосылмаған, себебі қазіргі уақытта онда күрделі жөндеу немесе жаңа ғимараттың құрылысы жүргізілуде.
«Әрбір 5-ші мектепте спортзал жоқ, өйткені ол бейімделген ғимаратта орналасқан. Мектептердің үшінші бөлігінде оқу кабинеттерімен жабдықтау, химия, биология, физика пәндері бойынша практикалық жұмыстарды орындауға арналған жабдықтары бар мектептердің жартысынан астамында өзіндік мәселелері бар. Облыс мектептерінің 14% — ында тамақтану нысандары жоқ. Бұл мектептерде оқушылар контингентінің аздығынан жалға алушылардың болмауына байланысты асхана немесе буфет орналастыру үшін жағдайлар қарастырылмаған», — деп мониторинг қорытындыларымен бөлісті Сәуле Қабимолдаева.
Ол биылғы жылы 19 мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. 1 мектепте күрделі жөндеу аяқталды. Оқу жылы басталғанға дейін 9 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. 2021 жылдың соңына дейін облыстың тағы 9 мектебіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. 1 қыркүйекке қарай 5 мемлекеттік мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда, ал жыл соңына дейін тағы 4 мектептің құрылысы аяқталуы тиіс.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар үш ауысымды және апатты мектептерді жою бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Алайда, бүгінгі таңда облыста 49 үш ауысымды және 3 апатты мектеп жұмыс істейді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептерде дабыл түймелері мен турникеттер орнату басталды. Дабыл түймелері 8 мектепте бар. Турникеттер 59 мектепте орнатылған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments