Среда, 17 июня, 2026
Басты бетЖаңалықтарЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

 

Ажибаев Сырым Жусупович Жамбыл аудандық құрылыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды

Жамбыл ауданы әкімінің өкімімен 2026 жылғы 1 маусымнан бастап Ажибаев Сырым Жусупович Жамбыл аудандық құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Сырым Жусупович 1989 жылғы 6 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2011 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2023 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтында «Құрылыс» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2013 жылы Жамбыл ауданының құрылыс бөлімінде инспектор қызметінен бастаған. 2014–2015 жылдары Беріктас ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істеген.

2015 жылдан 2026 жылға дейін Жамбыл ауданының құрылыс бөлімінде бас маман қызметін атқарып, құрылыс саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға белсенді атсалысты.

Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Ақниет Туматаев бөлім ұжымымен кездесіп, жаңа басшыны таныстырды. Кездесу барысында Сырым Жусуповичке жаңа қызметінде табыс тілеп, ауданның құрылыс саласын дамыту жолындағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments