Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖелкенді спорттан жарыс өтуде

Желкенді спорттан жарыс өтуде

Желкенді спорттан Қазақстан Республикасының 5-Жастар спорттық ойындары Қапшағай қаласының Олимпиадалық даярлау орталығының су базасында 23-28 маусым күндері аралығында өтуде.
Аталған жарысқа Еліміздің облысы мен қалаларынан 6 командадан 55 спортшы қатысуда.
Жарысқа Алматы қаласы, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау және Алматы облысының спортшылары қатысуда.
Жарыстың өтуі: күнделікті сағат 12.00-16.00 дейін.
Марапаттау рәсімі: 28 маусым сағат 12.00 Олимпиадалық даярлау орталығының су базасы.

Қазақстан Республикасының 5-Жастар спорттық ойындары 4 жылда бір рет өтеді. 2021 жылы наурыз – шілде айлары аралығында еліміздің әр облыс аймағында спорттың 36 түрінен спорттық ойындар өткізіліп жатыр.
Бүгінгі күнде, Алматы облысында спорттың 8 түрінен спорттық ойындары жалғастырылып өткізіліп жатыр (грек-рим күресі, садақ ату, ат спорты түрінен, велосипед спорт түрлерінен, желкенді спорт, регби, Байдарка мен каноэде есуден).
Жарыс барысында еліміздің әр аймағынан келген спортшылар өзара бақ сынасуда, жарыстар жоғары деңгейде және тартысты өтуде.
Шара қонақтары: спортшылар, БАҚ өкілдері және т.б.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments