Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖемқорлық туралы хабарлаған Атырау облысының тұрғыны 12 миллион теңгеден астам сыйақы алды

Жемқорлық туралы хабарлаған Атырау облысының тұрғыны 12 миллион теңгеден астам сыйақы алды

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарын әшкерелеуге көмектескені үшін облыс тұрғыны 12,2 миллион теңге сыйақы алды. Бұл параның жалпы сомасының 10% құрайды.

2022 жылы барлығы 40,6 миллион теңгеге 134 азамат көтермеленді.

Ең үлкен сыйақы көлемі Атырау және Қызылорда облыстарында берілді.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашуға жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеу қағидаларына сәйкес төлемдер азаматтар хабарлаған адамдарға қатысты сот үкімі шығарылғаннан кейін жүргізіледі.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берушілердің толық құпиялылығын қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылдың 3 қаңтарынан бастап азаматтардың бұл санаты куәгерлерді қорғау бағдарламасына түседі.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы кез келген азамат 1424 телефоны бойынша Антикордың Call-орталығына хабарлай алады немесе жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін әр аумақтық департаменттің Antikor Ortalygy-на бара алады.

Айта кетейік, 2022 жылы Антикор Call-орталығына 27 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, оның ішінде жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша 233 хабарлама түсті.

37 хабарлама бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, 18 сотқа жолданды, сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі бойынша 20 тоқтатылды, 25 ведомстволық бағыныстылығы бойынша жолданды.

Өтініштердің көпшілігінде мынадай фактілер бар: қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін пара талап ету, өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, «қамқорлық» көрсеткені үшін, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар және лауазымды тұлғалардың басқа да заңсыз әрекеттері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат болған жағдайда 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуларыңызды сұрайды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments