Суббота, 7 февраля, 2026
Басты бетЖаңалықтарЖергілікті өзін-өзі басқару институтын дамытуға бағытталған конституциялық өзгерістер елдегі басқару жүйесін демократияландырудың...

Жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамытуға бағытталған конституциялық өзгерістер елдегі басқару жүйесін демократияландырудың маңызды кезеңі болып табылады

Жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамытуға бағытталған конституциялық өзгерістер елдегі басқару жүйесін демократияландырудың маңызды кезеңі болып табылады. Мәслихаттардың өкілеттігінің кеңеюі – жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейтіп, халық мүддесін билік деңгейінде қорғау мүмкіндігін арттырды. Енді мәслихаттар тек шешім қабылдайтын орган ғана емес, атқарушы билікке нақты ықпал ете алатын, қоғамдық бақылау тетігін жүзеге асыратын институт ретінде қалыптасып келеді.

Әкімдерді сайлау жүйесінің Конституцияда бекітілуі – жергілікті биліктің легитимдігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл норма азаматтардың өз өңірін басқаруға тікелей қатысуына жол ашып, билік пен халық арасындағы жауапкершілікті күшейтеді. Сайлау арқылы келген әкімдердің ел алдындағы есептілігі артып, жергілікті мәселелерді шешуде ашықтық пен тиімділікке деген сұраныс күшейе түседі.

Сонымен қатар, жергілікті қоғамдастықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысуының артуы азаматтық белсенділікті дамытуға ықпал етеді. Қоғамдық тыңдаулар, кеңестер мен жергілікті бастамаларды қолдау арқылы халық өз ауыл-аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ете алады. Бұл өзгерістер орталық пен өңір арасындағы байланысты нығайтып, басқарудың төменнен жоғары қағидатына негізделген жаңа мәдениетті қалыптастырады.

Осылайша, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған конституциялық нормалар биліктің халыққа жақындауына, өңірлердің дербестігін арттыруға және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге негіз қалайды.

Ахметжанов Нурлан Улатаевич, аудандық мәслихат депутаты

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments