Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖетісу облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының қызметкерлері баспасөз туры аясында...

Жетісу облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының қызметкерлері баспасөз туры аясында Талдықорған қаласының медициналық орталықтарына барды.

Кездесу барысында «Нұр-Авиценум» және «ХАК» медициналық орталықтарының пациенттері мен қызметкерлеріне МӘМС жүйесі бойынша, атап айтқанда ағымдағы жылға жарналар мен аударымдарды төлеу сомасы, болашақ 12 айға төлем жасау әдісі, пациенттердің ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтерді алу құқығы түсіндірілді.
Ақпараттық-түсіндіру шарасы аясында пациенттер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, емделушілердің құқықтарын қорғау, динамикалық бақылау мәселелері бойынша сұрақтарына жауап алды.
«Бүгінгі таңда «ХАК» медициналық орталығына қаланың 15 мыңнан астам талдықоргандық тіркелген, оның ішінде 1800 адам сақтандырылмаған. Ал «Нұр-Авиценумға» 7 мыңнан астам қала тұрғыны тіркеліп, олардың 1300-і МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр», — деп атап өтті Қордың Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Гульзия Таипова.
Кездесу қорытындысы бойынша медициналық орталықтарға скринингтік зерттеулерге жататын мақсатты топтардың сақтандыру мәртебесін бақылауға алу ұсынылды.
Егер пациенттерде сақтандыру мәртебесіне қатысты сұрақтар туындаса Қордың облыс бойынша филиалына келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады 8 728 255 90 06, 90 07, 90 13.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments