Павлодар облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау жалғасуда. Жыл басынан бері көлік құралдарын тоқтату және тұраққа қою талаптарын бұзған 2 мыңнан астам жүргізуші анықталған.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.


