Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бет101 хабарлайдыЖылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары

Жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары

Жыл сайын жылыту маусымы басталғаннан бастап тұрғын үйлер мен пәтердегілер тұрмыстық өрттердің саны артып келеді, олардың себептері көбінесе жылыту жүйелері, электр желісін шамадан тыс жүктеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу, сондай-ақ қарапайым немқұрайлылық болып табылады. Сондықтан да өрттің алдын алу, жалпы қарапайым талаптарды  орындау туралы алдын-ала қаратыру сияқты қиындықты тағы бір рет еске түсіру өте маңызды.

Осыған байланысты Жамбыл ауданы ТЖБ қызметкерлері азаматтардан жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын сақтауды және өз қауіпсіздігіне бей-жай қарамауды сұрайды.

Келесі ұсыныстарды сақтай отырып, Сіз жылыту маусымында үйіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз:

  • жылыту құралдарын пайдалану кезінде оқшаулауы зақымдалған электр сымдарын пайдалануға тыйым салынады;
  • жаңа жылыту жабдықтарын орнату білікті мамандармен жүргізілуі тиіс;
  • электр қыздырғыш құралдары жанғыш заттардың жанына қоймаңыз;
  • үйден шыққанда барлық электр жылыту құралдарын өшіруді ұмытпаңыз;
  • жылыту маусымы басталар алдында және жылыту маусымы бойы әрбір үш ай сайын түтіндіктерді күйеден тазартуды ұмытпаңыз;
  • электр желісіне жлектр желісінің шамадан тыс жүктелуін тудыратын бірнеше қуатты электр энергиясын тұтынушылардың (электр плитасы, электрокамин, шәйнек және т.б.) бір уақытта қосылуына жол бермеңіз.
  • стандартты емес қолдан жасалған жылыту құралдарын пайдалану үлкен қауіп төндіреді.

 Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments