Қарақастек ауылының тумасы Базаркулова Алмагүл Дүйсеғұлқызы 2006 жылдың 02 маусым айынан қазіргі уақытқа дейін «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да Жамбыл АЭЖ-да №30А қосалқы станциясына қызмет көрсету бойынша электромонтер болып жұмыс атқаруда. Жұмыс барысында ол өзін жауапты қызметкер ретінде көрсете білді. 2020 жылы Жамбыл АЭЖ басшылығының және Жамбыл ауданы әкімінің «Алғыс хат» ведомстволық грамоталарымен марапатталған. Ұлы Дүйсеғұл Алмат Ерланұлы 1992 жылы туылған Алматы қаласындағы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ РЭС-3-те жұмыс Қарақастек ауылымызда 19 жыл еңбек етіп, ауыл тұрғындарының алғысына бөленуде.