Жең ұшынан ж а л ғ а с қ а н ж е м қ о р л ы қ дерті бүгінгі қоғамның аса күрделі мəселесіне айналып отыр. Жемқорлық қылмысымен ұсталып жатқандардың саны көбеймесе, азаяр түрі жоқ. Бұл үлкен қасірет. Болашаққа балта шабатын қастандық. Еліміздің экономикалық тұрғыдан өсіп жетілуіне осы жемқорлардың тигізіп жатқан залалы ұшан-теңіз. Ендеше, ес жиып, еңсе көтеру үшін бұл дертпен қоғам болып бірлесе күрескен лазым. Осыған орай мен оқырмандар назарына өзімнің «Адал еңбек» деп аталатын өлеңімді ұсынбақпын.
Өмірге сəби келер жөргектелген,
Өседі ол тəй-тəй басып еңбектеумен.
Талпынып жүруге өзі ынтығады,
Мінеки, осы «адал еңбек» деген.
Адал еңбек мақсатқа жеткізеді,
Еріншек артқа қарай өткізеді.
Еңбекке арамдықпен араласқан
Жемқорлар неткен жауыз, тексіз еді.
Кісі ақысын ешқашан жемеу керек,
Сүрінгенді қолтықтан демеу керек.
Адалдық пен арамдық жер мен көктей,
Жемқорлықты аямай шенеу керек,- деген жолдарды қағазға түсіріп едім. Біз жас ұрпақтың келешегі үшін жемқорлық дертінен тездетіп құтылудың жолын ойластыруымыз керек. Сол жолда бəріміз ерінбей еңбек етейік.
Аяулы ТӨЛЕПБЕРГЕН,
Қайназар ауылындағы № 2 орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысы.