Алатау қаласында «Заң мен Тәртіп» – жаңа Конституцияның негізгі қағидаты тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті. Кездесудің басты мақсаты – тұрғындар арасындаконституциялық реформалардың мәні мен маңызын кеңінентүсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заңүстемдігі қағидаттарын насихаттау болды.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысының жаңаКонституцияның мазмұнын халыққа жан-жақты түсіндіружөніндегі тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар елімізде жүргізіліп жатқан саяси жаңғыруүдерістерінің негізгі бағыттарына тоқталып, конституциялықөзгерістердің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарынқорғаудағы рөліне ерекше назар аударды.
Кездесу аясында қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және Конституцияда бекітілгенқұндылықтарды кеңінен дәріптеу мәселелері қозғалды. Сонымен қатар тұрғындарға заң талаптарын сақтау, қоғамдықтәртіпті қамтамасыз ету және азаматтық жауапкершіліктікүшейту бағытындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиынға қатысушылар құқықтық мемлекет құру жолындағыәрбір азаматтың жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті. Заңға құрмет пен тәртіпке бағыну – қоғамдағы тұрақтылықпен келісімнің, қауіпсіздік пен әділеттіліктің басты кепіліекені айтылды.
Бүгінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты Қазақстанның даму стратегиясындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Бұл қағидат азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінқорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және елдіңорнықты дамуына негіз қалайды.
Алатау қаласында өткізілген мұндай ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары тұрғындардың құқықтық санасын арттыруға, Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын түсіндіруге жәнезаң үстемдігі мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосудыжалғастыра береді.
Алатау қаласының қоғамдық пікір көшбасшысы БаймолдаеваСандугаш Сериковна



