Жеткіліктілік шегінің көтерілуі ең алдымен қазақстандықтардың болашақтағы зейнетақы жинақтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылуы тиіс. Себебі зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты – азаматтардың еңбек жолын аяқтағаннан кейін тұрақты табыс көзіне айналу.
Зейнетақы шоты – қарапайым депозит немесе күнделікті қажеттіліктерге арналған қаржы қоры емес. Егер бүгін жинақтарды жаппай өзге мақсаттарға пайдалану үрдісі күшейсе, бұл ертеңгі күні зейнетақы төлемдерінің көлеміне тікелей әсер етеді. Сондықтан мемлекет азаматтардың қазіргі сұраныстарымен қатар, олардың ұзақ мерзімді әлеуметтік әл-ауқатын да назарда ұстауы қажет.
Бұл шешімнің негізгі мәні – зейнетақы қаражаты өзінің басты міндетіне, яғни болашақтағы лайықты зейнетақыны қамтамасыз етуге қызмет етуі тиіс. Жинақ көлемі неғұрлым көп сақталса, азаматтың қартайған шақтағы қаржылық тұрақтылығы да соғұрлым жоғары болады.



