Алматы облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Өңірдің инвестициялық портфеліне жалпы құны 8 трлн теңгені құрайтын 283 жоба енгізілген. Жобалардың іске асуы өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңір экономикасын нығайтуға мүмкіндік береді.


