Суббота, 23 ноября, 2024

Кемел келешек үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» атты мақаласының маңызы жоғары. Иə, тəуелсіздік туы желбірегелі 30 жылға жуықтады.   Бір кездері ата-бабаларымыз аңсап күткен азаттықтың таңы атты. Еншісі бөлек егемен ел тұғыры биік тəуелсіз іргелі мемлекетке айналды. Ата Заңымыз, Елтаңба мен Көк Туымыз, Əнұранымыз бар айбыны асқақ біртұтас ынтымақты ел болдық. Төрт құбыламызды түгенделді, өшкеніміз жанды, дініміз, діліміз, тіліміз нығайып келеді, алда асқақ армандар тұр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мақаласында ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дəуірі. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші деді. Сонымен бірге, тəуелсіздік алған жылдары білімі мен дарыны сай жас өркендердің бірнеше легі өсті, талапты ұл-қыздарымыз жер жүзіндегі бірталай елге барып білім алуы үрдіске айналдырды. Мен жастарға сенемін, олар өз білім-қабілетін шыңдап, болашақта Қазақстанның мүддесін қорғайды. Жастар қашанда талабына сай оң өзгерістердің қозғаушы күші болады дей келе Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы жастар кеңесі қызметін жандандыру қажеттігін алға тартты. Сөйтіп, талантты жастарды қолдау мақсатында «Тəуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындауды ұсынамын дегені, өте құптарлық іс болды. Осы мақалада жан-жақты айтылған қоғам құндылықтарына сүйене отырып, біз мектеп қабырғасында білім алып жатқан жеткіншектердің патриот болуына ұстаздар тарапынан барынша қолдау жасап, еліміздің кемелді келешегі үшін аянбай қызмет істей беретін боламыз.

Бақыткүл ИБРАЙЫМОВА,

Шолаққарғалы негізгі орта мектебінің директоры.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments