Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі және мектеп жанындағы интернатымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орналасқан №264 сайлау учаскесінде кешкі уақытқа қарамастан сайлаушылардың белсенділігі әлі де байқалуда.
Сағат 19:00 шамасында да азаматтар сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, сайлау құқығын жүзеге асыруда. Кеш уақытқа қарамастан, тұрғындар маңызды қоғамдық-саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық жауапкершілік танытуда.
Сайлау комиссиясы дауыс беруге келген әрбір азаматқа барлық қажетті жағдай жасап, дауыс беру процесінің белгіленген тәртіпке сай өтуін қамтамасыз етуде.
Кешкі уақытта келіп жатқан сайлаушылардың белсенділігі тұрғындардың қоғамдық-саяси өмірге бейжай қарамайтынын, ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаға жауапкершілікпен қарайтынын және азаматтық ұстанымының жоғары екенін көрсетеді.


