Четверг, 26 февраля, 2026
Басты бетЖаңалықтарКоалиция мүшелері Талап ауылдық округінде халықпен кездесті «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

Коалиция мүшелері Талап ауылдық округінде халықпен кездесті «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

жалпыұлттық коалициясының өкілдері Жамбыл ауданындағы Талап ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасындағы адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты маңызды нормалар талқыланды. Атап айтқанда, 15-бапқа сәйкес әрбір адамның өмір сүруге, қадір-қасиетінің қорғалуына және жеке басының еркіндігіне құқығы бар екені ерекше атап өтілді.
Коалиция мүшесі Ықылас Амалбек бұл норманың маңызын түсіндіріп өтті:
«Жаңа Конституцияда адам құқығы ең жоғары құндылық ретінде айқындалған. Әрбір азаматтың өмірі, ар-намысы мен еркіндігі мемлекет қорғауында болады. Бұл – әділетті қоғам қалыптастырудың негізгі тірегі», – деді ол.
Кездесу ашық форматта өтіп, тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Мұндай кездесулер халықтың реформаларға қатысуын арттырып, сенімді нығайтуға бағытталған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments