Пятница, 31 июля, 2026
Басты бетТаза ҚазақстанКоммуналдық қызметкерлерге құрмет көрсетілді

Коммуналдық қызметкерлерге құрмет көрсетілді

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында коммуналдық қызметкерлердің еңбегіне арналған ерекше іс-шара өтті. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев тазалық жұмыстарына қатысып, коммуналдық сала мамандарымен бірге жағалау аумағын қоқыстан тазартты.

Шарадан кейін еңбек адамдарының күнделікті жұмысы мен саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу барысында қоршаған ортаны таза ұстау әрбір азаматтың ортақ міндеті екені айтылып, коммуналдық қызметкерлердің еңбегі ерекше аталып өтті.

Экологиялық акция өңір тұрғындарының табиғатқа жанашырлық көзқарасын қалыптастыруға және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments