Суббота, 7 февраля, 2026
Басты бетЖаңалықтарКонституциядағы тіл туралы баптар өзгеріссіз қалғанымен, олардың мазмұны мен мәні қайта қоғамдық...

Конституциядағы тіл туралы баптар өзгеріссіз қалғанымен, олардың мазмұны мен мәні қайта қоғамдық талқылауда нақты түсіндірілді

«Конституциядағы тіл туралы баптар өзгеріссіз қалғанымен, олардың мазмұны мен мәні қайта қоғамдық талқылауда нақты түсіндірілді» деген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің пікірі конституциялық реформа аясындағы тіл саясатының басты бағытын айқын көрсетеді. Бұл тұжырым Конституцияның тұрақтылығын сақтай отырып, оның нормаларын қоғамға дұрыс әрі ашық жеткізудің маңызын алға тартады. Яғни, тіл туралы баптарды қайта жазудан гөрі, олардың шынайы мәнін түсіндіру арқылы қоғамдық санада дұрыс қабылдау қалыптастыру көзделді.

Қоғамдық талқылаулар барысында қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі өзгермегені, керісінше оның конституциялық негізі берік екені нақты айтылды. Мемлекеттік тілдің дамуы – декларативті ұғым емес, мемлекеттің тікелей міндеті екені тағы бір мәрте нақтыланды. Сонымен қатар, бұл нормалардың азаматтардың құқықтарын шектемей, керісінше қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталғаны кеңінен түсіндірілді. Мұндай тәсіл тіл мәселесін саясиландырудан сақтап, оны мемлекет дамуының ұзақ мерзімді стратегиясымен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Ерлан Қариннің бұл пікірі тіл саясатының эволюциялық жолмен жүзеге асатынын көрсетеді. Қоғаммен диалог арқылы түсіндіру, пікір алуандығын ескеру және құқықтық сабақтастықты сақтау — қазіргі реформалардың негізгі қағидаттарының бірі. Осы тұрғыдан алғанда, Конституциядағы тіл туралы баптардың мазмұнын ашып көрсету — мемлекеттік тілдің беделін арттырып, оның қоғамдық өмірдегі рөлін біртіндеп, бірақ жүйелі түрде күшейтудің тиімді жолы болып табылады.

Ратбек Терлікбаев, Жамбыл ауданының құрметті азаматы

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments