Вторник, 3 февраля, 2026
Басты бетЖаңалықтарКОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА АЗАМАТТАРДЫҢ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСУЫНА ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЛДАУҒА СҮЙЕНЕДІ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА АЗАМАТТАРДЫҢ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСУЫНА ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЛДАУҒА СҮЙЕНЕДІ

«КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА АЗАМАТТАРДЫҢ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСУЫНА ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЛДАУҒА СҮЙЕНЕДІ» – ЖАНДОС ШАЙМАРДАНОВ

ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов Қазақстан Республикасының Конституциялық реформасына қатысты пікір білдіріп, бұл үдерістің басты ерекшелігі қоғамның кеңінен қатысуы мен қоғамдық қолдауға негізделуінде екенін атап өтті.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер ашықтық, жариялылық және кері байланыс қағидаттарына сүйене отырып әзірленуде. Азаматтардың, сарапшылардың және қоғамдық институттардың пікірлері ескерілуі реформаның сапасын арттырып, оның өміршең болуына мүмкіндік береді.

– Конституциялық реформа тек заңнамалық өзгерістермен шектелмейді. Ол қоғамның сұранысына жауап беретін, азаматтардың сеніміне негізделген жүйелі жаңғыруды көздейді. Сондықтан бұл үдерісте қоғамдық талқылау мен қолдау айрықша маңызға ие, – деді институт директоры.

Жандос Шаймардановтың пікірінше, халықтың белсенді қатысуы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде елдегі тұрақтылық пен дамудың берік құқықтық негізін қалыптастырады.

Раймбердиева Майра, журналист

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments