Жақсыбек Кулекеев айтқандай, конституциялық реформа ғылымның дамуына институционалдық серпін беруі мүмкін. Себебі реформа тек басқару жүйесін жаңарту емес, сонымен бірге білім мен ғылымға деген мемлекеттің жауапкершілігін нақтылау тетігі бола алады. Егер реформа аясында ғылымды қаржыландырудың ашықтығы, ғылыми нәтижелерді экономикамен байланыстыру және кадрлық әлеуетті сақтау мәселелері заң жүзінде күшейтілсе, отандық ғылым жаңа деңгейге көтерілуі әбден мүмкін.

