Жоба еліміздің рухани жаңаруы мен зияткерлік даму стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасы шеңберінде Ақсеңгір ауылдық кітапханасы ұлт руханиятының мәдени ошағы ретінде өз жұмысын атқаруда. «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысты түрлі акциялар, марафондар мен жобаларды іске асыруда. Атап айтқанда, «Бір кітап- бір отбасы» акциясы, «Нағыз оқитын кез» акциясы, «Тик ток бук» кітап алаңы, «Bala book» балалар кітап бұрышы, «Өлкетану» әдеби кітап алаңы, «Бір көше, бір тарих» акциясы және кітапхананың авторлық «Ауылмен бір кітап» акциясы мен «Аялдамадағы оқырман» марафоны сияқты сан түрлі іс шаралар атқарылуда. Бұл шаралардың барлығы ұлт мүддесіне жасалып жатқан тамшыдай болса да кітапханамыздың үлесі деп білеміз. Кітапханамызда 12 мыңға жуық кітап қоры сақталған. Бүгінде кітапханаға 1000 аса оқырман тіркеліп, кітап оқуда. Бес мың халқы бар Ақсеңгір ауылдық округіне қарасты Жайсан, Көкдала сияқты үш елді мекенді қамтитын рахани ошақ қазіргі таңда 7 мыңдай кітапты тірілтті. 2026 жылдың екінші тоқсаны таяр шақта жоғарыда аталған шаралар мен одан да бөлек жоспарланған шаралардың саны 50 ден асты.
Бүгінгі цифрлық заманда саналы әрі білімді жастарды кітап оқуды әдетке айналдыр және қалыптастыру мемлекеттік деңгейдегі маңызды міндет болып табылады. Осы тараптан да біз әрі қарай да өз жұмысымызды жалғастыра береміз.
Ақсеңгір ауылдық кітапханасының меңгерушісі
Абдильдина Қарлығаш Төлеуханқызы



