Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетТәуелсіздікке 30 жылКөкейге қонымды тұжырым

Көкейге қонымды тұжырым

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» атты мақаласында тəуелсіздіктің отыз жылын үш он жылдыққа бөліп қарастырды. Алғашқы он жылдығын жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі деп атады. Осы аралықта Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің елдік нышандары белгіленгені айтылды. Ұлттық валютамыз айналымға еніп, Қарулы Күштеріміз құрылды. Сонымен бірге, Ата Заңымыз қабылданып, шетелдермен дипломатиялық қатынас орнатылды жəне еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. Елорданы Арқа төріне көшірдік, отандық бизнестің негізі қаланғанды, «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.

Ал, екінші он жылдық қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі деп белгіленді. Мемлекетіміздің тұғыры нығайып, экономикалық əлеуетіміз артты. Шекара айқындалып, заң жүзінде бекітілді. «Мəдени мұра» бағдарламасы жүзеге асты. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезіндерін, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымның, Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралы кеңесінің саммиттерін өткізуге ұйытқы болғанымыз осы мақалада анық нақтыланды. Елімізге шетелден қомақты инвестиция тартылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дəлізі сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалардың қолға алынғаны айтылды.

Сонымен бірге, үшінші он жылдықта шаңырағымыз биіктеп, əлемдік деңгейдегі іргелі мемлекетке айналдық. «Қазақстан – 2050» стратегиясы қабылданды, дамыған отыз елдің қатарына қосылу межеленді. Əр бағыттағы «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» сияқты маңызы зор ауқымды бағдарламалар жүзеге асты. Осынау толымды табыстардың бəріне Елбасының дара көшбасшылығының жəне халқымыздың дархан даналығы мен ақыл-парасатының, ерен еңбегінің арқасында жеттік.

Осының бəрін талдап көрсеткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды мақаласы «Ұлтымыздың ұлы ұстыны – қастерлі Тəуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін» деп тұжырымдалғаны көкейге өте қонымды болды.

Серік ТІЛЕПБЕРГЕНОВ,

Абай атындағы гимназия орта мектебінің директоры.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments