Пятница, 10 июля, 2026
Басты бетЖаңалықтарМаусым айында Қазақстанда тұрғын үй бойынша 39 мыңнан астам мәміле тіркелді 2026...

Маусым айында Қазақстанда тұрғын үй бойынша 39 мыңнан астам мәміле тіркелді 2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген

2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны 28,4%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 841 – 17,5%) және Астана (6 436 – 16,5%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 772 – 9,7%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 360 мәміле (0,9%) тіркелген.

2026 жылғы мамырмен салыстырғанда маусымда мәмілелер санының өсуі барлық өңірлерде байқалады. Ең жоғарғы өсім Маңғыстау (+67,4%), Қарағанды (+43,4%) және Атырау (+40,9%) облыстарында тіркелді.

 

Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 2026 жылғы мамыр айымен салыстырғанда 25,9% (6 051 мәмілеге) өсті. 2026 жылдың маусым айында пәтерлер бойынша барлығы 29 432 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 75,4%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (21,4%), Алматы (21,2%) қалаларына және Қарағанды облысына (10,5%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды – 11 348 мәміле.

2026 жылғы мамырмен салыстырғанда маусымда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 36,7% (2 582 мәмілеге) өсті. Маусымда барлығы 9 621 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының өсімі, Шығыс Қазақстан облысын (-1,4%) қоспағанда, барлық өңірлерде тіркелді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments