Көксу ауданында тіркелім деректері бойынша 40 098 адамды тұрады. Олардың 21%-ы немесе 8 429 адам сақтандырылмаған. Бұл туралы Көксу ауданында өткен кездесуде Медициналық сақтандыру қорының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Гульзия Таипова мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда ауданда соңғы 12 айда төлем жасамаған 5 369 адам, жарналар төлемеген 495 жеке кәсіпкер бар. Сақтандыру мәртебесінің болмауы, қажет болған жағдайда МӘМС пакетіндегі толыққанды медициналық қызметтердің қолжетімсіз болуы», — дейді Қор филиалының басшысы.
Ауданда жергілікті атқарушы билік халықты МӘМС жүйесімен қамту бойынша жұмыстарды жүйелі түрде атқарып келеді.
«Біздің ауданымызда сақтандырылмаған 8000-нан астам адамның 2 мыңға жуығы шетелге көшіп кеткендер. Бірақ олар туралы ақпарат біздің тіркелім деректерінде қалып қалған. Бұл жағдай сақтандырылмаған халықтың санын азайтуға кедергілер туғызуда»,-деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары Жамбыл Бейсенбай.
Халықпен кездесу барысында аудандық аурухананың бас дәрігері Жаннұр Сырымов медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, кадрлар тапшылығы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселерге тоқталып өтті.
Айта кетейік, елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 3 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Барлық азаматтарға медициналық қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылып келеді.
Ал медициналық мекемелер медициналық көмекті сапалы көрсетуге мүдделі – өйткені қазір олар әр пациент үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаражат алады.