🔹Президентке сот жүйесінде биылғы тоғыз айда атқарылған жұмыс нәтижелері, сот ісін жүргізу үдерісін цифрландыру барысы, сондай-ақ азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру шаралары туралы баяндалды.
Асламбек Мерғалиев:
🔹сот органдары 24,8 мың қылмыстық істі қарағанын айтты.
🔹Азаматтық істердің саны 28,4 пайызға ұлғайып, 605 мыңнан асты.
🔹Бұған банкроттыққа, тұрғын үй және жер дауларына қатысты талап-арыздар мен келісімшарттық міндеттемелер бойынша істер санының артуы себеп болып отыр.
🔹Сондай-ақ 29,2 мың әкімшілік іс және 319 мың әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
🔹Даулардың жартысына жуығы медиациямен және басқа да балама жолдармен реттелгенін жеткізді.
🔹Кассациялық сотқа 18 мыңнан астам шағым келіп түсті.
🔹Оларды қарастыру нәтижесінде апелляциялық сатыда түзетілген сот актілерінің саны екі есе, яғни 934-тен 1704-ке дейін өсті.
🔹Сонымен қатар Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі 2023 жылдан бері 55,2 пайыздан 69,7 пайызға дейін өскен.
🔹Мемлекет басшысына сот жүйесін кадрмен қамтамасыз ету туралы мәлімет берді.
Президент:
🔹 сот төрелігі сапасын жақсарту және сот жүйесін жаңғырту шараларын іске асыру қажеттігіне назар аударды.
t.me/aqorda_resmi


