✔️Кездесуде қазақы ит тұқымдарын сақтау және тұрақты генетикалық қорын қалыптастыру ісінде халықаралық федерациямен ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тазысын алдын ала тануға оң септігін тигізгені үшін Тамаш Яккельге алғыс айтты. Бұл шешім 2024 жылы Амстердамда өткен Халықаралық кинология федерациясы (FCI) Бас комитетінің отырысында қабылданған еді.
✔️Мемлекет басшысының айтуынша, тазы және төбет тұқымдарын сақтау тек кинология тұрғысынан емес, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыс салтымен тығыз байланысты тарихи-мәдени құндылық ретінде айрықша маңызға ие. Ит – қазақ халқының дүниетанымында жеті қазынаның бірі саналады.
✔️Жүйелі жұмыс нәтижесінде бүгінде Қазақстан кинологтар одағының Бірыңғай асыл тұқымды иттер кітабында 4 мыңға жуық тазы тіркелген. Тиісті заңнамалық актілер қабылданды.
✔️Бұдан бөлек, көп ұзамай Жетісу облысында сұрыптау жұмыстарымен айналысатын және ит асыраушыларға ғылыми-кинологиялық қолдау көрсететін Ұлттық орталық ашылмақ.
✔️Халқымыздың асыл қазынасын дәріптеу мақсатында биылдан бастап 3 қыркүйекте Қазақы тазы мен төбет күні аталып өтеді.
✔️Өз кезегінде Тамаш Яккель қазақы ит тұқымдарын сақтауға айрықша қамқорлық көрсетіп отырған Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді.
✔️Сонымен қатар Президентке әлемнің 100 елін біріктіретін FCI қызметі туралы мәлімет берді.



