🟦 Бұдан бөлек, БҰҰ және оның құрылымдарын реформалау жайы, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуал қарастырылды.
🟦 Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның атом қуатын МАГАТЭ бақылауымен тек бейбіт мақсатта пайдалануға бейіл екенін растады.
🟦 Кездесуде еліміз ядролық қаруды таратпау бойынша халықаралық аренада зор сенімге ие екені айтылды. Сонымен қатар елімізде ядролық материалдарды қауіпсіз пайдалануға қажетті инфрақұрылым, сарапшылық және ғылыми-техникалық база қалыптасқан.
🟦 МАГАТЭ-нің аз байытылған уранды сақтайтын әлемдегі жалғыз банкі Қазақстан аумағында орналасқан.
🟦 Мемлекет басшысы еліміз ізгі ниет таныта отырып, Ирандағы ядролық проблематиканың шешілуіне септігін тигізуге дайын екенін мәлімдеді. Ол үшін тиісті халықаралық уағдаластыққа қол жеткізіліп, аталған мәселе нақты іске ұласуы қажет.
t.me/aqorda_resmi



