Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
– Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын, – деп жазды Мемлекет басшысы.
https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kazakstandagy-turkiya-elshiligine-bardy-814110