Четверг, 15 октября, 2026
Басты бетПослание президентаМемлекет басшысы World Aquatics президентін қабылдады

Мемлекет басшысы World Aquatics президентін қабылдады

 

📌 Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті.

✔️Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық ұйымның Қазақстан су спорты түрлері федерациясына көрсеткен қолдауын жоғары бағалап, өзара серіктестікті нығайтуға ниетті екенін растады.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың су спорты түрлеріне қызығушылығы артып келе жатқанын жеткізіп, отандық атлеттер ел намысын халықаралық деңгейде, соның ішінде Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында лайықты қорғап жүргеніне тоқталды. 

✔️Осы орайда, Президент Дмитрий Баландиннің Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы тарихи жеңісін, Әділбек Мусиннің 2022 жылы өткен Азия ойындарында қола медальға ие болғанын еске салды.

✔️Мемлекет басшысының айтуынша, елімізде бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға, жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстар өткізуге қажетті жағдай жасалуда. Әсіресе, спорт инфрақұрылымын жетілдіруге назар аударылып отыр.

✔️Хусейн Әл-Мусаллам қол жеткізілген табыстар мен қазақстандық спортшылардың биыл ХХ жазғы Азия ойындарында көрсеткен шеберліктері елдің спорт саласын өркендетуге айтарлықтай әлеуеті бар екенін айғақтайтынын атап өтті.

t.me/aqorda_resmi

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments