Пятница, 31 января, 2025
Басты бетЖаңалықтарМЕНІҢ ПІРІМ - СҮЙІНБАЙ

МЕНІҢ ПІРІМ — СҮЙІНБАЙ

МЕНІҢ ПІРІМ СҮЙІНБАЙ

28 қаңтар күні Қарақыстақ ауылындағы Сүйінбай Аронұлының әдеби-мемориалды музейі мен мектеп ұжымының ұйымдастыруымен Сүйінбай Аронұлының туғанына 210 жыл толуына орай «Менің пірім Сүйінбай» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Сүйінбайтанушы ғалымдар, жазушылар, ақындар, сондай-ақ білім және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Кеш қонақтары ең алдымен Сүйінбай ақынның әдеби-мемориалды музейінің жылжымалы көрмесімен танысты. Бұдан кейін ғылыми-тәжірибелік конференцияны жазушы, академик Нағашыбек Қапалбеков кіріспе сөзбен ашты. Аудан әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы қаламгерлерге аудан әкімі Нұрлан Ертастың Алғыс хатын тапсырып, лайықты құрмет көрсетті.

Жиында Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қансейіт Әбдезұлы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, жазушы, әдебиеттанушы Нұрдәулет Ақыш, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, филология ғылымдарының кандидаты, «Дарын» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистер Академиясының академигі Нұржан Қуантайұлы, сондай-ақ Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әлиев Данияр Абзалиденұлы өз баяндамаларымен таныстырып, ақынның өмір жолынан деректер келтірді.

Сүйінбай Аронұлы – ХІХ ғасырдың куәсі болған, табиғи талант иесі, суырып-салма ақындық өнердің жарық жұлдызы. С.Аронұлының озық поэзиясы біздің ұлттық әдебиетіміздің алтын қорына қосылған туындылардың қатарына жатады. Ақын жастық шағынан бастап, өмірінің соңғы демі біткенге дейін туған елінің азаттығы мен теңдігін, бірлігі мен елдігін жырлады. Биыл ақиық ақынның туғанына 210 жыл толып отыр. Аталған датаға орай бүгінгі конференцияда өзі туып-өскен ауылынан бастау алған шараның негізгі мақсаты – ақынның кейінгі ұрпаққа қалдырған асыл қазынасы, құнды еңбектері, өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

Шараның соңы мектеп ұстаздары мен оқушылары, сондай-ақ «Сүйінбай сазы» ансамблінің әдеби-сазды кешімен жалғасып, әсерлі қорытындыланды.

Тұрсынжан Тоқтасын.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments