Қарасу ауылдық округінде аудандық көлемде өткен “Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсының 2025 жылғы жеңімпазы Қондыбаевтар әулетінің келіні Гульшат Джанабаевнамен өткен кездесу ерекше әсерге толы, тағылымы мол жүздесу болды. Бұл бас қосу отбасы құндылықтарын дәріптеудің, ұрпақ сабақтастығын насихаттаудың жарқын үлгісіне айналды.
Гульшат Джанабаевна өз сөзінде әулеттің бірлігі мен ынтымағын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету секілді ұлттық тәрбиенің маңызын ерекше атап өтті. Ол отбасының табысы – тек бір адамның емес, тұтас әулеттің ауызбіршілігі мен өзара қолдауында екенін шынайы мысалдармен жеткізді.
Кездесу барысында қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, отбасы құндылықтарын сақтаудың қыр-сырымен танысты.
Қорыта айтқанда, Қондыбаевтар әулетінің өнегелі жолы мен Гульшат Джанабаевнаның парасатты ойлары көпшілікке үлгі болып, ұлттық дәстүр мен отбасылық бірліктің маңызын терең сезінуге мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер қоғамдағы отбасы институтын нығайтуға зор ықпал етеді.


