Среда, 7 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтарҚазақстан «жасыл» энергия өндірісін арттырды

Қазақстан «жасыл» энергия өндірісін арттырды

 

 

Қаңтар–қыркүйек айларында жаңартылатын энергия көздерінің нысандары 7,8 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға көп, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Өндіріс құрылымы:
💨 Жел электр станциялары — 4,9 млрд кВт·сағ
☀️ Күн электр станциялары — 1,9 млрд кВт·сағ
💧 Шағын гидроэлектр станциялары — 993 млн кВт·сағ

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша ЖЭК үлесі жалпы электр энергиясын өндіру көлемінде 8,5%-ға жетті. Бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 8,08% болатын.

Жаңартылатын көздерден өндірілетін энергия көлемінің өсуі олардың елдің энергобалансындағы үлесін арттырып, таза энергетиканы дамытуға ықпал етеді.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#ЖЭК #жасылэнергетика #Энергетикаминистрлігі #Қазақстан #энергетика #экология #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments