Среда, 2 сентября, 2026
Басты бетЖаңалықтарОнлайн саудада тұтынушы өз құқығын қалай қорғай алады?

Онлайн саудада тұтынушы өз құқығын қалай қорғай алады?

Алматы облысында әлеуметтік желілерарқылы тауар сатып алу кезіндетұтынушылардың құқықтарын қорғаумәселелері түсіндірілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Алматы облысы бойынша Саудажәне тұтынушылардың құқықтарын қорғаудепартаменті басшысының орынбасары ЕрмекӘбікенов айтты.

Спикердің айтуынша, бүгінде Instagram, TikTok, WhatsApp және басқа да әлеуметтік желілерарқылы сауда жасау кең таралған. Алайда мұндайсатып алулар кезінде тұтынушылар алаяқтарға алдануы жиі кездеседі.

Ең алдымен сатушыны тексеру қажет. Төлемжасамас бұрын жеке кәсіпкердің немесе заңдытұлғаның атауын, ЖСН/БСН-ын, мекенжайы мен байланыс деректерін сұратқан жөн. Әлеуметтікжелідегі парақша атауы немесе телефон нөмірісатушының жеке басын толық растамайды, – дедіЕрмек Әбікенов.

Сондай-ақ тұтынушыларға сатушыменжазысқан хаттарды, тауардың бағасы мен сипаттамасын, жеткізу және қайтару шарттарын, төлем түбіртегі мен чекті сақтау ұсынылады. Бұлқұжаттар дау туындаған жағдайда сатып алуфактісін дәлелдеуге көмектеседі.

Департамент өкілі алдын ала төлем жасаукезінде де сақ болуға шақырды. Егер сатушыақшаны басқа адамның картасына немесе шотынааударуды сұраса не өзі туралы толық ақпаратберуден бас тартса, мұндай сатып алудан бас тартқан дұрыс.

Егер тауар сапасыз болып шықса немесесатушы өз міндеттемесін орындамаса, тұтынушыоған жазбаша шағым жолдап, өз талабын нақтыкөрсетуі қажет. Мәселе өзара келісімменшешілмеген жағдайда аумақтық Сауда жәнетұтынушылардың құқықтарын қорғаудепартаментіне жүгінуге болады. Ал алаяқтықбелгілері байқалса, құқық қорғау органдарынахабарласу қажет, – деп қорытындалады ЕрмекНұрқайымұлы.

Брифинг қорытындысында мамандар әлеуметтік желілер арқылы сауда жасайтын азаматтарды сақтық шараларын естен шығармауға шақырды. Сатушы туралы мәліметті алдын ала тексеру, чек пен хат алмасуды сақтау, төлем деректерін жоғалтпау – тұтынушының өз құқығы мен қаражатын қорғаудағы негізгі тетіктердің бірі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments