Четверг, 30 июля, 2026
Басты бетЖаңалықтарОтбасылық-тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті

Отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, әрбір адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Әрбір отбасы мүшесі қауіпсіз, тыныш және жайлы ортада өмір сүруге құқылы. Алайда отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылық бүгінгі таңда тек жәбірленушінің ғана емес, бүкіл қоғамның ауыр әлеуметтік мәселесіне айналып отыр. Ол адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, отбасылық құндылықтарды бұзады.

Зорлық-зомбылықтың кез келген түрі – физикалық күш қолдану, психологиялық қысым жасау, экономикалық тәуелділікке мәжбүрлеу, қорқыту немесе басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері – адам құқықтарын өрескел бұзу болып табылады. Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу – мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған заңнамалық шаралар күшейтіліп, құқық қорғау органдары тарапынан кешенді жұмыстар жүргізілуде. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың жолын кесіп қана қоймай, қауіп-қатердің алдын алу, азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қорғау нұсқамаларын шығару және жәбірленушілерге қажетті көмек көрсету бағытында тұрақты жұмыс атқаруда.

Дегенмен, ең бастысы – әрбір азаматтың өз құқығын білуі және оны қорғауға дайын болуы. Отбасында зорлық-зомбылыққа тап болған адамдар ешқашан жағдайды жіберіп алмауы, заңды қорғау шараларын пайдалануы керек. Зорлық-зомбылықты заңсыз әрекет деп танып, оны елемеу – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Тек бірлескен күшпен ғана біз қоғамда тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments