Отбасы – әр адам өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінетін орта болуы керек. Сондықтан отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністік тұрмыстық жанжалдардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Ашуға бой алдырмай, мәселелерді бейбіт жолмен шешу, бір-бірінің пікірін құрметтеу – берік отбасының негізі. Ал күш көрсету мен қорқыту ешқандай жағдайда мәселені шешудің дұрыс жолы емес.


