Вторник, 20 мая, 2025
Басты бетЖаңалықтарПрезиденттік жастар кадр резервіне іріктеу маусым айында басталады

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу маусым айында басталады

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу биыл төртінші жыл қатарынан жалғасын табуда.  Осы уақыт аралығында 60 мың адам жоғары лауазымды қызметке қол созуды қалаған. Олардың ішінде тек 400 адам резервке қабылданған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиев.
Бүгінгі таңда резервке алынған 400 адамның  318-і мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда жұмысқа тұрған.
«Төртінші іріктеудің ерекшелігі – резервтің әр салалық бағыты бойынша квоталар қарастырылып, іріктеу сол салалық бағыт бойынша ғана жүргізілетін болады»,-дейді Нұрсұлтан Ақылбекұлы.
Президенттік жастар кадр резервіне өту кезіндже үміткердің жасы 35-тен аспауы тиіс. Сонымен қатар, жоғары білімінің, бес жылдан кем емес еңбек өтілінің және қазақ тілін меңгеруі В1 деңгейінен болмауы керек.
«Іріктеуге қатысуға Президент тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервінде тұрған адамдар жіберілмейді»,-деді Нұрсұлтан Сейдалиев.
Іріктеу Президент Жарлығымен бекітілген ережелерге сәйкес
6 кезеңнен тұрады  және маусым – қазан айларында өткізіледі.
Алдыңғы мақала
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments